
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі жобалық офистің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 16-17 қазан аралығында жобалық офистің мүшелері облыстың 25 нысаналы мектептерінің 2024-2025 оқу жылының басындағы кіріс бақылау жұмысының мониторингісі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Шара барысында кеңсе мүшесі, білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің басшысы Б.А. Раимбекова 4, 5, 8, 9 сыныптардан математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылығы бағыттарының пәндері бойынша Testter.kz онлайн платформасы арқылы алынған кіріс тестілеу нәтижелерін өткен оқу жылының білім сапасы қорытындысымен салыстыра отырып талдау жасады.
Талдау барысында өткен оқу жылының білім сапасы мен кіріс бақылау арасындағы алшақтық анықталды. Сыныптар мен пәндер бөлінісі бойынша мысалдар келтірілді.
Нысаналы мектептері директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тестілеу барысында болған олқылықтар мен пәндер бойынша күрделі тақырыптар туралы баяндады.
Кеңес соңында кіріс бақылау қорытындысы бойынша тақырыптық олқылықтарды жою, білім сапасын арттыру жұмысын іске асыру мақсатында әдістемелік ұсыным беріліп, мектепішілік бақылауды жетілдіру тапсырылды.