Білім беру ұйымдарындағы жергілікті желі мен интернет және «Әлеуметтік әмиян» жобасын енгізу бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік сағат

Білім беру ұйымдарындағы жергілікті желі мен интернет және  «Әлеуметтік әмиян»  жобасын енгізу бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік сағат

2024 жылғы 9 және 16 қазан күндері ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ білім беру ұйымдарындағы жергілікті желі мен интернет және «Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне әдістемелік сағат өткізді.

Мақсаты - оқу процесін қамтамасыз етудегі АТ-инфрақұрылымның рөлі, желілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы білім беру ұйымдарын Интернетке қосу ерекшеліктері туралы білу. «Әлеуметтік әмиян» қосымшасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысу. Android және IOS пайдаланушыларына арналған«eGov Mobile» қосымшасында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен танысып, тіркелуді үйрену.

Шара барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің жетекшісі Д.С.Мамырбаев және әдіскерлер Ә.Д.Зарепқанова, Л.С.Кадирова және Е.М.Канафиянов желілерді пайдалануды оңтайландыру әдістерін талқылады, «Әлеуметтік әмиян» қосымшасын пайдалану жөніндегі ескертулер, қадамдары жайлы толық ақпараттар берді.