
2024 жылғы 16 қазанда Өскемен қаласы оқушылар шығармашылық сарайының базасында 7-8 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ойын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – Өскемен қаласы, «№15 орта мектебі» КММ;
ІІ орын – Самар ауданы, « Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ;
ІІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!