
2024 жылғы 16 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «2023-2024 оқу жылында білім алушыларға «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда өткізілген емтихан туралы» әдістемелік сағат өткізді.
Мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес өткізілген аралық аттестаттау жұмыстарына талдау.
Шара барысында қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бөлімінің әдіскері А.Ж.Билялова емтихан өткізуге негіздеме болған құжаттар, емтиханның мақсат, міндеттері, емтиханды өткізуге қойылған талаптар, тапсырмалардың мазмұны, аралық аттестаттауды өткізуге ұсынылған нормативтер, бағалау критерийлері, емтиханның өткізілуі бойынша ұсынылған ескертулер, емтиханды өткізу қадамдары жайлы толық ақпараттар берді.
Оқыту қазақ (Т1) және орыс тіліндегі мектептерде (Т2) «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен өткізілген байқау емтиханының қорытындыларына талдау жасалды. Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша ұсынылған педагогтер пікірі тыңдалды. Аттесттау кезеңінде орын алған қиындықтар сараланып, әдіскерлердің ұсыныс, пікірлері тыңдалды.