«Ведомствоаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Ведомствоаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2024 жылғы 15 қазанда ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-де кәмелетке толмағандар арасында суицидтің, зорлық-зомбылықтың буллингтің, діни экстремизмнің және теріс көріністердің алдын алу мәселелері аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бағыттары мен форматтарын талқылау мақсатында «Ведомствоаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оның жұмысына Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ директоры Аубакирова С.М.,  ШҚО дін істері басқармасының «ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Турганбаев А.Е., ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК Өскемен қаласындағы психиатриялық қызметтің диспансерлік бөлімінің меңгерушісі Турарова А.К. қатысты.

Іс-шара барысында Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы директорының м.а. Куземко Л.П. қатысушыларды орталықтың қызметімен таныстырып, профилактикалық жұмысты іске асыру бойынша мүдделі ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзектілігін атап өтті Дөңгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастық бағыттары жөнінде ой қозғады.

Кездесу ведомствоаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімімен аяқталды.