«Отбасы құндылықтары-ортақ мүдде»

«Отбасы құндылықтары-ортақ мүдде»

2024 жылғы 11 қазанда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығында онлайн форматта «Отбасы құндылықтары-ортақ мүдде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Отырысқа директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, сынып жетекшілері, Қамқоршылық кеңесе мен ата-аналар комитетінің өкілдері, «Ақсақалдар кеңесі», «Директорлар Кеңесі» қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарға білім беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, мектеп пен ата-аналар жұртшылығының бірлескен жұмысын күшейту.

Дөңгелек үстел барысында :

Бекзат Қанатұлы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өкілі «Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»;

Гаджиева Ю.П. ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының» педагог психологі «Буллинг, кибербуллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу»;

Базыл Нұргүл Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ директорының тәрбие работе жөніндегі орынбасары «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау»;

Юлдашев А.П., ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Рысбек Сандуғаш «Шаңырақ» клубының жетекшісі «Ата-анамен жұмыс жасау бағыттары»;

Дүйсенбекова Э.О. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22 орта мектебі» КММ, Оңғарбекова Р. Т., «Даналық мектебі» клубының жетекшісі «Даналық мектебі – тәрбие тірегі» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды, дөңгелек үстелдегі кездесу қорытындысы бойынша Қаулы шығарылды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті

#Біртұтас тәрбие

#Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы