
2024 жылғы 10 қазанында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ базасында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру және «Қонақжай отбасы» жобасы негізінде тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
Семинар жұмысына ауыл және шағын жинақты мектептерінің пән мұғалімдері қатысты.
Облыстық семинар-практикумы үш бағытты қамтыды.
Бірінші бағыт «Этномәдениет бағытындағы жобалар» бойынша ұлттық құндылықтар оқу-тәрбие үрдісіндегі маңыздылығына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Б Альпатина тоқталды. Мұғалімдер шеберлік сыныптар көрсетіп тәжірибе алмасты:
Токпаева Т.Х., көркем еңбек пәні мұғалімі «Аламан құрақ»;
Джумагулова А.К. география пәні мұғалімі «Этномәдениет бағытындағы оқушылардың зерттеу жобалары»;
Альпатина Г.А. бастауыш сынып мұғалімі «Ұлттық құндылығымыздың бірі-алаша»;
Сейткумаров А.Б. көркем еңбек пәні мұғалімі «Кәдесый әлемінде» тақырыбымен этномәдениет бағытындағы оқушылар көрмесімен таныстырды.
Екінші бағыт «Туризм бағытындағы жобалар» бойынша шеберлік сыныптар өтті:
Нұрсапаров С.К. дене шынықтыру пәні мұғалімі «Асық ату»;
Мұратхан И. дене шынықтыру пәні мұғалімі «Тоғызқұмалақ»;
Тюменбаев М.М. АӘД және технология пәні мұғалімі «Мерген» ұлттық садақ ату;
Масакова Б.Р. мектеп психологі «Чудо лавка»;
Курмангалиева Е.Е., Альпатин С.Б., Қажымұқан А.Б. - ағылшын тілі пән мұғалімдері «Біздің саяхаттарымыздың ізімен» шеберлік сыныбымен іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жазғы демалыс кезіндегі туристік маршруттар бойынша оқушылардың саяхат бағыттарымен байланыстырылып фотокөрме жасалды.
Семинардың үшінші бағытында «Қонақжай отбасы» жобасы аясында жүргізілген жұмыстар бойынша Р.Н.Ахметов тоқталды.
Басқа ұлт өкілдеріне тілді меңгертудің тиімді тәсілдері бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.К.Аманова «Қазақша үйренеміз» шеберлік сыныбымен өзінің тәжірибесін таратты.
Катонқарағай ауданының тұрақты даму қорының қолдауымен жабдықталған пән кабинеттердің мүмкіншілігін пайдалана отырып, зерттеу жұмыстарын, жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ие болған мектеп оқушылармен жүргізілген жұмыстармен таныстырды.
Практикалық семинар бағдарламасы бойынша 9 шебер-сынып өткізіліп, 32 жобамен таныстырылды.
Семинар соңындағы кері байланыста қатысушылар семинар барысында тәжірибе таратқан мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне алғыс айтып, оң пікірлерін білдірді.
Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының Білім беру ұйымдары қызметінің білім беру менеджменті және мониторингі бөлімінің әдіскері.