«Қазақша сөйлейміз» оқу құралының авторымен тәжірибе алмасу күні

«Қазақша сөйлейміз»  оқу құралының авторымен тәжірибе алмасу күні

2024 жылдың 10 қазан  күні ҚР  Оқу - ағарту министрлігі бекіткен қосымша әдебиет тізіміндегі «Қазақша сөйлейміз» оқу құралының авторы, филология ғылымдарының кандидаты Балдырған Жармұханбетқызы Доскеевамен онлайн  форматында тәжірибе алмасу күні өтті. Тәжірибе алмасу  барысында  оқу құралының авторы  оқулықтардың таныстырылымын жасап, құрылымдарымен таныстырды. 

Аталған шараға көптілділікті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері мен  Алтай, Глубокое, Шемонаиха  аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының мектеп жанындағы қазақ тілін оқыту орталықтарының  жетекшілері қатысты.

Шара барысында «Қазақша сөйлейміз» оқу құралының құрылымы бойынша сұрақтар қойылып, нақтылы ұсыныстар берілді.