7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы

7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы

2024 жылғы 7-10 қазан күндері Өскемен қаласында 7-8 сынып оқушылары (ұлдар) арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.

Іс-шара халықаралық FIFA ойын ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

1 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ-нің командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-нің командасы;

3 орын – Самар ауданы, «№1 Самар орта мектебі» КММ-нің командасы.

Номинациялар бойынша:

«Үздік ойыншы» - Өскемен қаласы, ««№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-нің 8 сынып оқушысы Туленов Тимур;

«Үздік қорғаушы» - Алтай ауданы, «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Болатов Азамат;

«Үздік қақпашы» - Самар ауданы, «№1 Самар орта мектебі» КММ-нің 7 сынып оқушысы Қанатұлы Элан марапатталды.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!