
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылдың 09 қазанында Шемонаиха ауданының білім беру ұйымдарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» және «Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануда заң бұзушылықтардың алдын алу» тақырыптары бойынша құқықтық оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маман-заңгері Д. Калдыбаев мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, пара алған немесе пара берген, сонымен қатар делдал болған тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілігі, электрондық цифрлық қолтаңбаны дұрыс қолдану, заң бұзушылықтың алдын алу, заңдамада көзделген жауапкершілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеушісі Т. Долдыханованың Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 200-бабының тәртібімен қылмыстық құқық бұзушылықты және басқа да Заң бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсынысымен Тарбағатай ауданының білім беру ұйымдары таныстырылды.