
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы шеңберінде Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 10 тамызда сағат 10.00-де 9-сынып оқушыларына ZOOM бағдарламасы арқылы «Абай шығармашылығының қыры мен сыры» тақырыбында әдеби қонақжай өткізеді.
Іс-шара мақсаты: Қазақстанның аса көрнекті ағартушысы Абай Құнанбайұлының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету, өмірі мен шығармашылығы туралы көп тарамаған мәліметтерді айтып, оқушылардың түсінігін кеңейту.
ZOOM конференциясына қосылу сілтемесі білім басқармасы сайтының «Онлайн көрсетілімдер» қосымша парағында орналасқан.