Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының облыстық кезеңі

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының  облыстық кезеңі

2024 жылғы 7 қазанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі басталды.

Конкурстың мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу.

Конкурс арнайы дайындалған 6 алаңда өткізіледі:

Өнер және мәдениет саласы - «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК базасында:

- Вокалдық өнер (академиялық ән салу);

- Вокалдық өнер (дәстүрлі ән);

- Аспаптық орындау (қобыз, фортепиано, домбыра,  прима).

Спорт саласы - «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМКҚ базасында:

  • Дене шынықтыру және спорт.

Көлік саласы - «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесінің базасында:

  • Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу.

Тау – кен металлургия саласы - «Риддер колледжі» КМҚК базасында:

  • Пайдалы қазбалар кен орындарын жер астынан өндіру;
  • Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту).

Ауыл шаруашылығы саласы - «Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі» КМҚК базасында:

- Аграномия;

- Ветеринария;

- Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және қызмет көрсету.

         Инженерлік саласы - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында:

  • Машина жасау технологиясы.

         ІТ саласы - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында:

-CAD инженерлік графикасы;

- Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!