
2024 жылдың 2-4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік сынып жетекші» республикалық байқауы өткізілді.
Байқауға Шығыс Қазақстаннан облыстық кезеңнің төрт жеңімпазы қатысты. Республикалық байқау қорытындысы бойынша Глубокое ауданының «Степное негізгі мектеп-балабақша кешені» КММ мұғалімі Рүстембекова Гүлжан Рустембекқызы 2-орын иеленді.Тарбағатай ауданының «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектеп-интернат-колледжі» КММ мұғалімі Бекбосынова Ардақ Рамазановна 3-орынға ие болды.
«Шабыттандыратын тәлімгер» номинациямен Үлкен Нарын ауданының «Малонарым орта мектебі» КММ мұғалімі Социалова Диляра Нурланбековна мен Самар ауданының «Аққала мектеп-балабақша кешені» КММ мұғалімі Алпыспаева Альмира Бақытбековна марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
#Біртұтас_тәрбие #Үздік_сынып_жетекші