
Жер сілкінісі - табиғи себептерден немесе жасанды процестерден туындаған жер бетіндегі жер сілкіністері мен тербелістер. Шығыс Қазақстан ықтимал сейсмикалық қауіп аймағында. Облыс оқушылары осындай табиғи апаттарға дайын болуы керек.
Сол себептен ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ШҚО ТЖД инженері Өтеев Нұрболат Талғатұлымен бірге Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің оқушыларымен «Жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыбында 2024 жылдың 07 қазанында өткен интерактивті сабақ барысында жер сілкінісі туралы негізгі түсініктер берді. Оқушылардың жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезіндегі және одан кейінгі әрекеттері айтылды.
Сабақты өткізудің негізгі мақсаты: облыс үшін тән табиғи апаттар туралы білімді қалыптастыру; жер сілкінісі кезіндегі ықтимал зардаптар туралы ақпаратты тыңдаушыларға жеткізу; жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер мен таныстыру болды.