
3-4 қазан 2024 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізілді.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру.
Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 8 аудан/қалаларынан келіп түскен 8 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:
Бас жүлде - ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері Казиева М.А.;
1-орын – Зайсан қаласы, ЖШС «Алтай-шың» бөбекжай-балабақшасының балабақшасының әдіскері Касымова А.Е.
2-орын – ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК әдіскері Мағауянова А.Б.;
2-орын – ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақсу ауылының «Еркетай» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК әдіскері Окапова А.С.;
3-орын – ШҚО ББ «Зевакиноның «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» КММ әдіскері Ляпунова А.В.;
3-орын – ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері Кириченко О.А.
«Іскер әдіскер» номинациясымен ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақ-бота» бөбекжайы» КМҚК әдіскері Калиева М.Е. марапатталды.
Байқау жүлдегерлері ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми- әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаз ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері Казиева М.А. жұмысы байқаудың республикалық кезеңіне жолданды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!