Шығыс Қазақстан облысы Қарттар күні мен Мұғалімдер күніне арналған акция аясында ардагер ұстаздарды құттықтайды

Шығыс Қазақстан облысы Қарттар күні мен Мұғалімдер күніне арналған акция аясында ардагер ұстаздарды құттықтайды

Ағымдағы жылдың 1-5 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында өңірдің білім басқармасының бастамасымен «Ардагер ұстаздарды құттықтаймыз» акциясы өтуде. Бұл іс-шара мұғалімдер күні мен Қарттар күніне орайластырылған және өз өмірін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған педагогтерге алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік болды.

2  қазан күні облыстық білім басқармасының  басшысы И.Чернышёваның бастамасымен облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне мерекелік шара өткізілді. Аталған шара барысында  ардагерлерге алғыс хат пен сыйлықтар  табысталды.

Шығыс Қазақстан облысының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан  екі ұстаз-ардагер – Б. Етекбаева мен Р. Сабиева  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Білім басқармасының ардагерлер кеңесінің мүшелеріне арнап ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің шығармашылық ұжымы мерекелік бағдарлама ұсынды.

Аталған акция ардагер ұстаздардың еңбегін құрметтеп, өңірдің білім беру саласының дамуына қосқан зор үлестерін мойындаудың символына айналды.

Мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, қоғам болашағына әсер ететін мұғалім еңбегінің маңыздылығын еске салады.