
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 25 қыркүйек айында «Үздік сынып жетекші» республикалық байқауының облыстық кезеңі онлайн-режимде өтті.
Байқаудың мақсаты – жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық шеберлікті арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша іске асыру, сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 14 сынып жетекшілер қатысты. Қатысушылар байқаудың жалпы ережесіне сәйкес жұмыс материалдарын ұсынды. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
І орын
ІІ орын
ІІІ орын
Байқаудың жеңімпаздарына Социалова Д.Н., Бекбосынова А.Р., Рүстембекова Г.Р., Алпыспаева А.Б. «Үздік сынып жетекші» республикалық байқауына қатысуға жолдама берілді.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз!
#Біртұтас_тәрбие #Үздік сынып жетекші