«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ» АТТЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ» АТТЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

Шығыс Қазақстан облысының  ұйымдастыруымен 2020 жылғы 27 шілде 01 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 10 шілдедегі хаттамалық тапсырмасы аясында «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қысқамерзімді 36 сағаттық онлайн тәртібінде біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курстың мақсаты - мұғалімдердің сандық білім беру ресурстарымен және қашықтан білім беру үшін қажетті инфрақұрылыммен жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз ету.

Курс бағдарламасы бастауыш сынып және пән мұғалімдеріне (4 топта барлығы 80 мұғалім) арналған және бес модульді  қамтыды: Google интернет қызметі, Zoom, Google Classroom, Screencast және мұғалімнің сандық сауаттылығы.

Курстың нәтижесінде  80 тыңдаушыға білім басқармасының сертификаты табысталды.