Жеңіл атлетикадан Қазақстандық Арнайы Олимпиадасының облыстық турнирінің қорытындысы

Жеңіл атлетикадан Қазақстандық Арнайы Олимпиадасының облыстық турнирінің қорытындысы

2024 жылдың 12 қыркүйегінде Өскемен қ., О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық орталығы базасында жеңіл атлетикадан Қазакстандық Арнайы олимпиадасының облыстық турнирі өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты - арнайы олимпиадалык козғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және коғамға кіріктіру.

Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес келесі бағдарламалар бойыша өткізілді: жүгіру, орнына ұзындыққа секіру, доп лактыру мен эстафета.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:

I орын - Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

II орын - Өскемен каласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

II орын - Алтай ауданы «Ерекше білім беру кажеттілі бар балаларды колдау орталығы» КММ-нің командасы;

III орын - Өскемен каласы, «Арнайы мектеп» КММ-нің командасы;

III орын - Алтай ауданы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.

I, II, III орын алған командалар дипломдармен, ойыншылар тисті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттыктаймыз! Алдағы уакытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!