Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының облыстық кезеңі

Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған  «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының облыстық кезеңі

12 қыркүйек 2024 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізілді.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретудің озат тәжірибесі мен заманауи инновациялық әдістерін жинақтау және тарату.

Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 4 аудан/қалаларынан келіп түскен 8 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:

1-орын – ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы» КМҚК;   

2-орын – ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің №25 «Ромашка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;

3-орын – ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №10 «Колокольчик» балабақша-бөбекжайы» КМҚК және ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК.

Байқау жүлдегерлері ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми- әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жеңімпаз ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы» КМҚК жұмысы байқаудың республикалық кезеңіне жолданды.    

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!