«Адалдық сағаты» жалпы республикалық акциясы

«Адалдық сағаты» жалпы республикалық акциясы

2024 жылдың 11 қыркүйегінде онлайн форматта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Г.А. Бекбаева облыстың қала мен аудандардың жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларына және әкімшілігіне арналған «Адалдық сағаты» жалпы республикалық акциясы аясында «Сенім. Әділдік. Парасаттылық» тақырыбында дәріс  өткізді. 

Дәріс барысында адамгершілік, рухани адами қасиеттер, адалдық мәдениетін қалыптастыру, адал еңбек жоғары бағаланатын сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде қатысушылар теориялық тұрғыдан да, оны қолдану тәжірибесінде де өздері үшін көптеген жаңа мәліметтер алғанын атап өтті.