2024 жылғы 9 қыркүйекте Зайсан қаласында «Бақытты балапан» жаңа балабақшасы ашылды

2024 жылғы 9 қыркүйекте Зайсан қаласында «Бақытты балапан» жаңа балабақшасы ашылды

Мектепке дейінгі мекеме 100 орынға арналған, мемлекеттік тілде білім беретін 4 топ бар. Балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда балалардың физикалық дамуы мен танымдық белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалған. Бір ерекшелігі, балабақшада қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдары мен ойындары жинақталған ерекше ұлттық нақыштағы бөлме бар. Балалар киіз үйді өздері құрастырып, оның құрылысымен танысады, ойын арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді.

Балабақша сенімгерлік келісім арқылы жаңа орындарды ашу бойынша аймақтық жоспар аясында ашылды. Балабақшаның ашылуы 25 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Жаңадан ашылған балабақша ұжымына алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!