«Daryn.online» модулінің көмегімен ШҚО мұғалімдерін онлайн оқыту

«Daryn.online» модулінің көмегімен ШҚО мұғалімдерін онлайн оқыту

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Дарын онлайн» ЖШС-мен бірлесіп облыстың бірқатар мектептерін қашықтықтан оқытуға көшу аясында «Daryn.online» модулін қолдану бойынша оқыту вебинарын өткізді.

Вебинар барысында компания маманы цифрлық модульдің функционалын, сабақ кестесін қалыптастыруды, үй тапсырмаларын тексеру мен бағалауды, оқушылармен кері байланыс орнату тәсілдерін, оқыту мониторингін, мұғалімдерге арналған түрлі онлайн курстарды және мектеп оқушыларына арналған олимпиадаларды таныстырды. Сондай-ақ, порталда оқытушыларға арналған 15 мыңнан астам жаңартылған бейне сабақтар орналастырылады.

Онлайн оқытуға облыстың 100-ден астам мұғалімі қатысты.