
2024 жылғы 9 қыркүйек күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтымен бірлесіп жобаға жауапты аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлер-кураторлары, 25 мектеп директорлары және директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларымен қыркүйек айының жоспарын іске асыру бойынша оқыту кеңес өткізді.
Шара барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ директоры
Г.С. Жуманова тәжірибелік семинарларды әзірлеуге және өткізуге баса назар аудара отырып әдіскерлерді курстан кейінгі қолдау жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, Жобаға қатысушыларды 2024-2025 оқу жылында бірлесіп жұмыс істеу үшін әр нысаналы мектептерді әдіскер-кураторлары және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ үйлестірушілерімен таныстырды.
Білім беру ұйымының білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің басшысы Б.А. Раимбекова нысаналы мектептердің жеке портреттерін әзірлеу кезінде негізгі бағыттарды атап, қатысушылардың назарын қажетті тармақтарға аударды
Өскемен қаласының № 13 орта мектебі директорының м.а. С.М. Бугаева және директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Р Дорн нысаналы мектептің жеке портретінің барлық тармақтарының талдауын және мектепті дамыту бағдарламасына енгізілген өзгерістерді үлгі ретінде ұсынды.
Шара соңында нысаналы мектептің жеке портреті мен мектепті дамыту бағдарламасы негізінде әдіскерлерге толық талдау жасау тапсырылды. Қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік ұсыныс жасалды.
Іс-шараға 64 адам қатысты.