
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 26 тамызда облыстың 200 -ден аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерелеріне «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының тренерлері Абдрахманова А.Е., Абдрахманова Г.Ф., Алмабаева А.Н., Борзенко М.А. жаңартылған бағдарламаның мазмұны, құндылықтар жүйесі, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері таныстырылды. 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жылдық жұмыс жоспары таныстырылды.
Іс-шара аясында бағдарламаның негізгі аспектілері ұсынылды: оның мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелері, сондай-ақ Бағдарламаны табысты іске асыру үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу. Семинарға қатысушылар әлеуметтік жобалармен және қауіпсіздік сабақтарын өткізу ерекшеліктерімен танысты. «Досболlike» және «Менің бауырым» жобалары арқылы құндылықтарды сіңіру мәселелері қаралды.
Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Семинарға қатысқан барлық педагогтерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламсын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізу бойынша әдістемелік ұсыным берілді.