«Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қашықтан оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы

«Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қашықтан оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы

Шығыс Қазақстан облысының  ұйымдастыруымен 2020 жылғы 20 - 24 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 10 шілдедегі хаттамалық тапсырмасы аясында «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қысқамерзімді 36 сағаттық онлайн тәртібінде біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курстардың мақсаты - мұғалімдердің сандық білім беру ресурстарымен және қашықтан білім беру үшін қажетті инфрақұрылыммен жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз ету.

Курс бағдарламасы «Информатика» пәнінің оқытушы-тренерлеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне (2 топта барлығы 64 мұғалім) арналған және бес модульді  қамтыды: Google интернет қызметі, Zoom, Google Classroom, Screencast және мұғалімнің сандық сауаттылығы.

Курстың нәтижесінде 10 тыңдаушыға тренер ретінде және 54 мұғалімге курсты оқып аяқтағаны туралы білім басқармасының сертификаты табысталды.

Тренер-мұғалімдер:

  • мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін:
  1. Болаева Гульмира Сейтқызы, Катон-Қарағай ауданы, «Дамитов атындағы  ОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
  2. Исабаев Рауан Манарбекұлы, Аягөз ауданы, «Қалалық қазақ мектеп лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
  3. Коконева Шынар Кайрбековна, Катон-Қарағай ауданы, «Дамитов атындағы ОМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
  4. Шакенова Салтанат Өмірбекқызы, Абай ауданы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
  5. Бердібекова Мөлдір Күнтуғанқызы, Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ информатика пәнінің мұғалімі

-        орыс тілде оқытатын мектептер үшін:

  1. Гатауллина Ольга Ивановна, Өскемен қаласы, «№4 орта мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі
  2. Сахарова Галина Николаевна, Өскемен қаласы, «Облыстық мамандандырылған ІТ мекткп–лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі
  3. Кашникова Елена Васильевна, Семей қаласы, «Пригородное жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі
  4. Самойлова Светлана Фёдоровна, Өскемен қаласы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
  5. Жаспанова Лаура Абильмансуровна, Семей қаласы, «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалім

2020 жылдың 3-31 тамыз аралығында «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты біліктілікті арттыру  курстарда оқитын облыстың 1000-нан астам пән мұғалімдерін сертификатталған 10 тренер онлайн тәртібінде оқытатын болады.