
2024 жылдың 19 тамызда Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде балалардың денсаулығын сақтау: кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы мәселелері, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз жол инфрақұрылымы бар білім беру ұйымдарының маңындағы жол желісін қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Комиссияның жұмысына адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, бала құқықтары жөніндегі уәкілі және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.