ШҚО педагогтері дрондарды бағдарламалауды және сабақтарда жасанды интеллектті қолдануды үйренуде

ШҚО педагогтері дрондарды бағдарламалауды және сабақтарда жасанды интеллектті қолдануды үйренуде

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2024 жылдың 22 шілдесінен 17 тамызына дейін физика және информатика пәні мұғалімдерінің «Актуалды бағдарламалау информатиканың басым бағыты ретінде; информатиканы оқыту әдістемесі, Python бағдарламалау тілінде алгоритмдер мен деректер құрылымдары, жасанды интеллект (AI), заттар интернеті (IoT) және Дрон бағдарламалау» тақырыбы бойынша курстық дайындығын өткізуде.

Өскемен қаласының «№46 орта мектеп» КММ және «№12 мектеп-гимназия» КММ жалпы білім беретін мектептерінің базасында 200 мұғалім курстық даярлықтан өтеді.