
Шығыс Қазақстан облысының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 20 - 24 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 10 шілдедегі хаттамалық тапсырмасы аясында «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары» атты қысқамерзімді 36 сағаттық онлайн тәртібінде біліктілікті арттыру курсын өткізуді ұйымдастырды.
Курстардың мақсаты - мұғалімдердің сандық білім беру ресурстарымен және қашықтан білім беру үшін қажетті инфрақұрылыммен жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз ету.
Курс бағдарламасы «Информатика» пәнінің оқытушы-тренерлеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және бес модульден тұрады: Google интернет қызметі, Zoom, Google Classroom, Screencast және мұғалімнің сандық сауаттылығы.
2020 жылдың шілде, тамыз айларында аталған курстан облыстың 1000-нан астам пән мұғалімдері оқудан өтеді.