
Каникул кезінде жақсы және қызықты демалып қана қоймай, "Қонақжай отбасы" жобасы арқылы тілдік ортаға еніп, білімді кеңейтуге де болады.
Жобаның мақсаты - тілдік ортаға ене отырып, балалар мен жасөспірімдердің тілдерді үйренуге қызығушылықтарын ояту, тілді меңгеру деңгейлерін арттыру,
120 балаға арналған жоба 15-30 маусым аралығында Катонқарағай, Глубокое аудандарында және Риддер қаласында жүзеге асырылды.
Тілдерді меңгертуге арналған оқыту әдістері қонақжай отбасыларында еркін форматта, бейресми түрде және мектепте тиісті құрал-жабдықтарды: проектор, компьютер т.б қолдану, ойын әдістері арқылы жүргізілді. Бұл құрылғылар аудио және видео материалдар арқылы тілдік орта құруға тиімді әсер етті. Әр модульде тиісті тақырыптар қамтылған.
Қонақжай отбасыларында болу, өлкенің тарихы мен мәдениетін тану, мұрасын зерделеу, (экскурсияға шығу, кітап оқу, фильмдер көру, тарихи орындарға саяхат жасау) балаларға өте ұнады, ерекше сезім сыйлады.
Жобаның жабылуы қызықты, қуанышты сәттерге толы болды, мерекелік атмосфера сезілді. Балалар қонақжай отбасылары мүшелерімен бірге түрлі ойындар ойнап, сайыстарға қатысып, алғыс хат пен естелік сыйлықтарға ие болды. Балалардың жоба бағдарламасында ұсынылған лексикалық минимумды игергендері - басты көрсеткіш болып табылды.
Балалардың қонақжай отбасында өткізген әрбір қызықты сәттері, алған әсерлері мен жағымды естеліктері әрқайсысының есінде ұзақ сақталады деген сенімдеміз.