Хабарлама!

Хабарлама!

2024 жылғы 28 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою қолжетімді.

Кезекке қоюға өтінішті Электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе balabaqsha.snation.kz цифрлық платформасы арқылы тіркеуге болады.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін төмендегі сілтемелер бойынша өтуге болады:

https://balabaqsha.snation.kz/ru/vko

https://egov.kz/cms/ru/services/pre_school/037pass_mon 

Талап етілетін құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының электронды құжат нысанындағы өтініші;

2) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

3) ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның электронды көшірмесі;

4) мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);

5) санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі.