
Шығыс Қазақстан облысы бойынша бүгінгі таңда ең жоғарғы балл жинаған түлек Тарбағатай ауданының «Құйған орта мектебі» КММ оқушысы, Алтын белгі иегері Тинибаева Ерке Әсетқызы. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап облыс бойынша үздік нәтиже көрсетті. ҰБТ–ның қорытындысы бойынша география пәнінен 50 балдан 50 балл жинаған.
Облыстық, республикалық интеллектуалды олимпиадалардың жүлдегері.
Еркенің арманы менеджмент саласын меңгеру, болашақта Еліне қызмет ету, өз ісінің үздігі болу.
Ерке Әсетқызын құттықтай отыра, жеңіл және жарқын жол, сәттілік, барлық жоспарлары орындалсын деп тілейміз!