Пайдалы жаз

Пайдалы жаз

Шығыс Қазақстан облысының колледждерінде 4 жылдан бері алдын-ала кәсіптік бағдар беру шеңберінде оқушыларға арналған жазғы лагерьлер ұйымдастырылды.

Биылғы жылы жазғы лагерьлер 7 колледж базасында құрылып 249 оқушы қамтылды: Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Риддер колледжі, Алтай жоғары колледжі, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің Жоғары колледжі, Алтай қаласының технологиялық колледжі, Алтай ауданының ауыл шаруашылығы колледжі, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі.

Оқушыларға мамандықтар әлемінің алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік берілді. Олар үшін қызықты шеберлік сабақтары өткізілді, онда балалар роботтарды құрастырумен және бағдарламалаумен айналысты, мехатрониканы оқыды, лазерлік кесу негіздерін,  печенье, пряниктерді, торттарды жасауды, орындық жасауды, шет тілі оқытушылармен тілдерді үйренді және т. б.

 Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, лагерь бағдарламаларына ойын-сауық іс-шаралары енгізілді: кинотеатрға, аттракциондарға бару, спорттық эстафеталар өткізілді.

Ұйымдастырушылар белсенді, интеллектуалды және эмоционалды-қарқынды жазғы демалысты қамтамасыз еткені үшін  мектеп оқушыларының оң пікірлерін  алды.