Балалардың демалысын ұйымдастыру мониторингі

Балалардың демалысын ұйымдастыру мониторингі

2024 жылғы 26 маусымда ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбек балалардың демалысын ұйымдастыруға мониторинг жүргізу мақсатында отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Төменгі Тайынты» және «Үміт» балаларды қолдау орталығының  «Царская Долина» және  ШҚО ББ Ұлан ауданы білім бөлімінің «Болашак» лагерлеріне барды.

Сапар барысында Алима Ақылбекқызы жөндеу жұмыстарының аяқталу қорытындыларымен, «Төменгі Тайынты» лагерінің 1 шілдеден бастап балаларды қабылдауға дайындығымен және «Царская Долина» және «Болашақ» лагерьлерінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, «Болашақ» лагерінде де ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балалар күніне 5 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, әр түрлі спорттық және шығармашылық ойындар ұйымдастырылып, осы лагерьлер арасында іс-шаралар өткізіледі.

«Үміт» орталығының «Төменгі Тайынты», «Царская Долина» лагерьлерінің тәрбиеленушілері осы мекеменің тәрбиеленушілері болғандықтан, жаз бойы сауықтыру демалысымен қамтылған.