Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы

2024 жылдың 19 маусымында Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның  кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың еріктілер қозғалысын ілгерілетудегі волонтерлік қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметі, білім беру мекемелері маңындағы көше - жол желісін қауіпсіз жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, бала құқықтары жөніндегі уәкілі және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.