«Қонақжай отбасы» жобасының қатысушылары қонақ отбасыларына аттанды

«Қонақжай отбасы» жобасының қатысушылары  қонақ отбасыларына аттанды

Жаз - жаңа әсерлердің, жаңа достармен танысудың көптен күткен тамаша уақыты, ал жобаға қатысушылар үшін Қонақжай отбасы - бұл қазақ және орыс тілдерінің тілдік ортаға ене отырып тілдік қоржынын байыту мүмкіндігі!

Бүгін Өскемен, Риддер қалаларынан, Алтай, Шемонаиха, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай аудандарынан 120 ұл мен қыздары  Катонқарағай ауданының Белгарағай, Жамбыл, Берел, Өрел ауылдарына, Глубокое кенті мен Риддер қаласының қонақжай отбасыларына келді.

Балаларды «жаңа» отбасылар жылы шыраймен қарсы алды. Алда 2 апта мазмұнды да қызықты бағдарлама бар.

Абай атындағы гуманитарлық колледж студенттері балалар мен мұғалімдерге барлық жағынан көмектеседі.

Жобаның барлық қатысушыларына сәттілік пен ұмытылмас жағымды эмоциялар тілейміз!