Еріктілер «Қонақжай отбасы» жобасының қатысушыларын қарсы алды

Еріктілер «Қонақжай отбасы» жобасының қатысушыларын қарсы алды

Жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп отырған «Қонақжай отбасы» жобасына Риддер қаласы мен Шемонаиха ауданынан келген қатысушыларды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері қарсы алды.

Келген жоба қатысушыларын қонақжай отбасыларына жолға шығар алдында түнеу үшін барлық жағдайлар жасап, «Ақ ниет» мектеп-интернатының базасында жылы шыраймен қарсы алды.

Еріктілер қатысушылармен танысып, диалогтық кездесулер, зияткерлік ойындар өткізді.  

Еріктілер жоба барысында жергілікті ауылдық жерлерде қатысушылармен жұмыс жасайды.

Флэшмоб биімен қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйланды.