«Қонақжай отбасы» жобасына қатысушыларды оқыту

«Қонақжай отбасы» жобасына қатысушыларды оқыту

Ағымдағы жылдың 5-14 маусым аралығында Катонқарағай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласының «Қонақжай отбасы» жобасына қатысушы  50 отбасы 36 сағаттық дайындық курсынан өтті. 

Оқыту курсы шеңберінде үй-жайларды жабдықтандыру мен күтіп-ұстау, балалардың үйде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тамақтандыру кезінде электр жабдықтары мен электр аспаптарын пайдалануды ұйымдастырудың  шарттары, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Жобаға қатысушы педагогтер нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету құжаттарымен, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу аспектілерімен танысты.

Курс тыңдаушыларына сертификаттар берілді.