Жас спортшылардың Республикалық жарыстағы жеңісі

Жас спортшылардың Республикалық жарыстағы жеңісі

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 2024 жылдың 2-10 маусым күндері Семей қаласында өткен 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңіне қатысты.

7 күнге созылған жарыс әр спортшының төзімділігін, күшін, батылдығын, шыдамдылығын талап етті. Олардың әрқайсысы алға қойған мақсаттарын орындай білдіНәтижесінде облыс спортшыларының қыздар командасы жалпыкомандалық есепте жүлделі 3 орынға ие болды.

Спортшыларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!