
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезеңде (аудандық, қалалық) 7 мектептің материалдары іріктеліп алынып, II кезеңде облыстық конкурс комиссиясының шешімі негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым – 2024» грантының жеңімпаздарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін (68 млн. теңге) Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 3 білім беру мекемелеріне бөліп беруді ұсынды. ШҚО ББ тамыз кеңесінде аталған ұйым басшыларына «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломы және сертификат тапсырылады.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантының иегерлері:
ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша «Абай атындағы орта мектебі» КММ (280 балл) – 341 ЕТЖ (29 млн.т.);
ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша «Өрел орта мектебі» КММ (275 балл) – 282 ЕТЖ (24 млн.т.);
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ (271 балл) – 176 ЕТЖ (15 млн.т.).
2024 жылдың қорытындысы бойынша номинацияларда «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының келесі қатысушылары белгіленді:
«Дәстүр және инновация мектебі» ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 жалпы білім беретін мектебі» КММ .
«Педагогикалық жетістік мектебі» ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Прогресс орта мектебі» КММ.
Байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!