
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Өскемен қаласының №112/6 учаскесі ауданындағы Тимофеев көшесіндегі мектеп құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдан бастап жүргізілуде.
Бас мердігер – «AN groups» ЖШС-гі.
Мектептің жобалық қуаты-300 орын.
Бүгінгі таңда жер жұмыстары, іргетас құрылысы жүргізілді, ғимарат қаңқасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған.