Өскеменде жаңа балабақша ашылды

Өскеменде жаңа балабақша ашылды

Балаларды қорғау мерекесінде ата-аналар мен балаларға «Азамат AS -3» ЖШС балабақшасы ашылуы нағыз сыйлық болды.

Ашылу салтанатына қала әкімі Ж.М. Омар, облыстық білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёва, ШҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.О. Байжанова, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысады.

Балабақша бұрынғы Космическая көшесі, 6/3 мекен-жайында орналасқан № 50 балабақша ғимаратын қайтарып, сенімгерлік басқаруға беру арқылы құрылды. 2022 жылы қайтарылғанға дейін ғимараттың иесі «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің редакциясы болған.

Ашылған балабақша кең, барлық коммуникациялармен жабдықталған, заман талабына сай жабдықталған, 240 орындық балалар мекемесі. Балабақшада 12 топ жұмыс істейді, оның ішінде 4 топ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған.

Балабақшаға балалар аса қызығушылықпен келсін. Өйткені, бүгін біз болашақ үшін еңбек етіп жатырмыз, ал болашақ біздің балаларымыз!