
2024 жылғы 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысының 2024-2029 жылдарға арналған Жол картасы бойынша «Балалардың жеке даму карталарын толтыру жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Шараны ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері Кырықбаева А.К. ашып, балалардың жеке даму карталарын толтырудың мыңыздылығына тоқтады.
Семинар-практикумда облысымыздың педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті:
ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК әдіскері Нургазиева Д.Н. «Мониторинг. Жыл қорытындысы бойынша нәтижелер» баяндама; ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК педагогтері Абылгазина А.Б., Сабырбаева Д.А. «Мектепке дейінгі балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру» шебер-сыныбы; ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Лухбекова Ә.Е. «Педагог әрекетінің алгоритмі. «Аквапоника тәсілін пайдалана отырып балалардың танымдық дағдыларын дамыту» таныстырылымы; ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Есимова Ж.К. «Оқу бағдарламасының міндеттерін шешуде цифрлық ресурстарды пайдалану жолдары» шебер-сыныбы; ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Күншуақ» арнайы балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Абиева А.А. «Использование новых методов в коррекционной работе с детьми с особыми потребностями» шебер-сыныбы; ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Мағауянова А.Б. «Баланың жеке даму картасын толтыру жолдары» тәжірибе үлгісі.Сондай-ақ ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері Тоқтаганова М.Д. балабақша тәрбиеленушісінің жеке даму картасын толтыру бойынша қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шараның соңында ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК педагог-психологі Төлеубекқызы Л. рефлексия жасады. ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері Кырықбаева А.К. шараны қорытындылап, кері байланыс орнатылды.
Семинар-практикум барысында балалардың жеке даму карталарын толтыру бойынша өзекті мәселелерді талқылай отырып, қатысушыларға тапсырмалар берілді.
Семинар-практикум жұмысына облыстың 50 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының педагогтері қатысты.