Тілдік лагерьдің әр күні жеке тақырыпқа арналады

Тілдік лагерьдің  әр күні жеке тақырыпқа арналады

2024 жылғы 31 мамырда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандарына жазғы мектеп жанындағы тілдік лагерь жұмысын ұйымдастыру бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинар барысында тілдік лагерьдің Бағдарламасы талданды, әдістемелік ұсыныстарды қолдану бойынша нақты түсіндірмелер берілді.

Семинар жұмысының қорытынды бөлімінде мамандар тілдік лагерьлерді ұйымдастыру бойынша пікір алмасып, жазғы тілдік лагерьлер Бағдарламасының әралуандылығын, тартымдылығын атап өтті.

Тілдік лагерьлерде мұғалімдер диалог, пікірталас және қызықты тапсырмалар арқылы берілген тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін оңай және еркін игеруде балаларға жағдай жасайды.

Бағдарламада саябақтарға, мұражайларға, кинотеатрларға бару арқылы таза ауада белсенді  сабақтар өткізу  қарастырылған.

Сәрсенбіде балалар облысымыздың мәдениет қайраткерлерімен кездеседі, ал жұмада оларды көшпелі іс-шара күтіп тұр.