Жүрек қалауымен Ұстаз

Жүрек қалауымен Ұстаз

Жүрек қалауымен Ұстаз.

(ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «Ыбырай Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі»КММ тарих пәнінін мұғалімі, педагог-зерттеуші Куропаткина Марина Викторовна туралы мақала)

 

«Туған  жерге туың  тік!» - бұл мақал осы кісі  туралы, оның бүкіл өмірі мен жұмысы сүйікті ауылы және  туған мектебімен байланысты.

Куропаткина Марина Викторовна - Ы Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші 35 жыл бойы бір жерде жұмыс істеп, жүрегінің  қалауымен мұғалім мамандығын таңдады. Бала кезінде кішкентай Марина мектеп ойынын ойнағанды ұнататын, қуыршақтарды қатарға отырғызып, оларға анасынан білгендерін немесе балабақшада естігендерінің бәрін қызығушылықпен айтып беретін. Бірінші сыныптағы мейірімді ұстазы Наталья Александровна осы мамандықты таңдауға деген құлшынысын арттырды. Мектепте ол отряд кеңесінің төрайымы болды, комсомолға бірінші болып кірді, осылайша оның көшбасшылық қасиеттері қалыптасты. Бұл оған болашақта пайдалы болды. 1983 жылы емтихандарды өте жақсы деген бағаға  тапсырып, Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсті. Студенттік өмірі қызықты өтті. Студенттік көктем - бірінші курс студентінің ең алғашқы өнерін көрсетуі. Би нөмірі, хорға қатысу, ұйымдастырушылық мәселелерді шешудің қызықтырғаны соншалық, жыл сайынғы байқауға қатысу ол үшін студенттік өмірдің ажырамас бөлігі болды. Екінші жағынан, оқуға деген көзқарасы, институт кітапханасының оқу залындағы көп сағаттық жұмысы және тарихи монографияларды мұқият зерделеу одан әрі оқытушылық қызметке қажетті қасиеттерді қалыптастырды. Тапсырылған іс үшін жауапкершілік, кез келген мәселеде біліктілік, жаңа, стандартты емес нәрсені іздеу бұның барлығы осы адамның бойынан табылатын қасиеттер еді.

1988 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оны аға пионер кеңесшісі ретінде туған мектебіне жұмысқа алды. Үлкен мектеп, үлкен ұжым және жиырма екі жасқа толған жас мұғалім... Марина студент кезінде жыл сайын жазда пионер лагерлерінде жұмыс істегендіктен, еш қиындықсыз тез үйреніп  кетті. Бұл тәжірибе А. Матросов атындағы пионер жасағымен табысты жұмыс істеуге ықпал етті. Бір жағынан, өз мектебің болғандықтан өзіңді еркін, сенімді сезінесің. Екінші жағынан, кеше өзіне сабақ берген мұғалімдермен қатар жұмыс істеді, сондықтан  ұзақ және қажырлы еңбектенуге тура келді.

Мектептегі мұғалімдер концерті, Еңбек және демалыс лагері, мерейлі мерекелер немесе кәсіби сайыстар мен олимпиадалар болсын, барлық іс-шараларда әрқашан алда болады. 1999 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді. 1999 жылы шығармашылығы үшін ҚР БҒМ Құрмет мадақтамасымен  марапатталды.

Мектеп  тарихы бойынша мұражай ұйымдастыруды өз қолына алып,  қажетті материалдарды жинайтын, экспозиция құратын, оқушылар мен әріптестерінен тұратын топ құрды. Мектептің 80 жылдығына орай аудан қонақтары мұғалім мен оқушылардың қажырлы зерттеу жұмыстарының нәтижесін көре алды.

Белсенді өмірлік ұстаным Марина Викторовнаның мектептің кәсіподақ комитетінің құрамына сайлануына ықпал етті, онда ол 10 жыл жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде ол ұжымды ішінен жақсы білді, оның жақсы жақтары мен қиындықтарын көрді.

 Көп жылдық еңбек жолында үнемі жазылып тұратын оқулықтардан бастап, оқытудың жаңа әдістеріндегі жаңалықтарды  бастан кешірді. Аудан деңгейіндегі тарих оқулықтарын үнемі талдау, 2019 жылы топтың модераторы ретінде 10 - 11 сыныптарға арналған оқулықтарды шолу бойынша аймақтық семинарға қатысуға ықпал етті. 2019 жыл ол үшін облыс деңгейіндегі түрлі іс - шараларға қатысудағы ең «жемісті» жыл болды. Өскемен қаласындағы ПШО филиалы «НЗМ» ДББҰ өткізетін «Жетекші мектеп - жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» Халықаралық форумына және «Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және  мектеп практикасындағы критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында өткен семинарда өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Марина Викторовна тәжірибесі мол, терең  білім беретін  және оқушылардың оқу үрдісіне  шығармашылықпен қарайтын мұғалімдердің қатарына жатады. Мұндай адамдар жұмысқа шын ниетімен беріледі.  Сондықтан оқушылары түрлі «Тарих ата», «Тұлпар», «Өз жерінді танып біл», «Туған жер. Туған ел. Туған глобал», «Менің Отаным – Қазақстан». сияқты облыстық және республикалық олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

Ол әрдайым жаңашылдыққа жақын, курстарда немесе өзін - өзі жетілдіру  процесінде білгендерін іс жүзінде қолданудан қорықпайды. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу басталғаннан кейін алғашқылардың бірі болып 3-деңгейлі курсты бітірді. Тренерлік курстар мен  «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімдердің көшбасшылығы»  курстары оған ұжымдағы  әріптестерін жаңа оқыту стратегияларына үйретуге мүмкіндік берді.

Марина Викторовнаның сабақтары әрдайым динамикалық түрде өтеді, сабақтың әр кезеңін нақты жоспарлап және жеті тексереді. Сабақта оқушыларға қолайлы жағдай жасай отырып, балаға өзіне сенуге, дұрыс бағалау мен өзін - өзі бағалауды үйренуге көмектеседі, мейірімділік, жайлылық атмосферасын қалыптастырады, әр түрлі іс - әрекеттерді қолдана отырып, балалардың қызығушылығын оятады, әрқайсысына педагогикалық қолдау көрсетеді.

Адам әрқашан жоспарлағандай бола бермейді. «Мен үшін сәтсіздік – дүрбелеңге себеп емес, сәтсіздік – бұл жетістікке жетудің тағы бір қадамы, – Марина Викторовна өзінің педагогикалық қызметтегі барлық жетістіктерін осылайша түсіндіреді - ешқашан берілмеңіз, қайта - қайта қайталаңыз, бірақ өз қателіктеріңізді түсініп, түзетіңіз».

Марина Викторовна үнемі мектеп, аудан, облыс мұғалімдерімен білімдегі жаңалықтармен бөліседі, жас мұғалімдермен өз іс - тәжірибесімен бөліседі.

Тәжірибелі мұғалім, нағыз кәсіпқой, дана, талантты мұғалім, мамандығына, өз ісіне адал жан. Ол керемет қасиеттерімен ерекшеленеді: өз кәсібіне деген сүйіспеншілік, адалдық, әрқашан көмекке келуге дайын болу.

«Мен үшін бақыт – мені жақын және адал адамдардың қоршап, қолдап жұмыста бағалауы және құрметтеуі, оқушылар өздерінің жетістіктерімен қуантуы» - дейді. Ол өзінің әйел бақытын мектептен, жан жолдасымен өткізіп жатқан 32 жылғы өмірінен, ата – анасының мақтанышына айналған  қызынан тапты. Әлеуметтік желілердің арқасында қазір әлемнің кез келген нүктесімен байланыс орнатуға болады. Мұғалімдер күні ол бұрынғы түлектердің «Менің сынып жетекшім. Сауатты, қатал, тамаша ұйымдастырушы. Сізге денсаулық және ұзақ өмір тілеймін. Сіздің еңбегіңіз үшін рақмет» деген ыстық лебіздерін алғанына ерекше қуанады.Бұл еңбектің адал бағасы.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін ешқандай дәреже мен біліктілікпен бағалау мүмкін емес. Ұстаз – ұлы есім.