МАМАНДЫҚТЫ ШЕКСІЗ СҮЙЮДІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

МАМАНДЫҚТЫ ШЕКСІЗ СҮЙЮДІҢ  СЫРЫ НЕДЕ?

«Істейтін ісіңді сүюің керек, сонда ғана сенің еңбегің мейлі тіпті қарапайым болсын, шығармашылық дәрежесіне дейін көтеріледі», - деп жазушы Максим Горький айтқандай, өз мамандығының шебері атанған Боранбаева Жанар Камановна ұстаздық мамандықты шексіз сүйіп, шексіз қадір тұтатын, іскер, батыл да жігерлі азаматша, барлық оқушыларға оң үлгі көрсеткен  және мамандық таңдауда  зор ықпал  жасап, ақыл-кеңес беретін ерекше қайталанбас зор тұлға (шыңдап келгенде сөзбен жеткізу мүмкін емес). Өйткені педагогикалық тұрғыда шебер де, өнерлі адам. Сынып отырыстарында «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық», - деп айтудан жалықпайды. «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деп философ Әл-Фараби айтқандай, Боранбаева Жанар Камановнаға осы қасиеттердің барлығы тән. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя мектебімізден үлкен өмірге қадам басар сәтте бәріміздің басымызда «Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі боламын?» деген сауалдардың мазалағаны белгілі. Осы орайда, Жанар Камановна мұғалімдік мамандықта 35 жыл тынбай қызмет атқаруда.

Боранбаева Жанар Камановна Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде жоғарғы санатты биолоия пәнінің  мұғалімі. Оқушылармен жұмыс барысында қазіргі заман талабына сай жаңа технологиямен жұмыс істеуде.

35 жыл ұстаздық қызметін атқарып келе жатқан ұстаздың жеткен жетістіктеріне тоқтала кетсек: «Педагогтердің білім саласына үлесін қосқаны үшін Халықаралық медалімен,  Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін «Білім беру ісінің майталманы» Халықаралық медалімен, «Ұлағатты Ұстаз-2022» онлайн сайысында өзінің ерекше шығармашылығының арқасында жүлделі орынға ие болғаны үшін  «Ұлағатты Ұстаз-2022» Республикалық медалімен марапатталды. «Мың бала» Республикалық порталының ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл үздіктері» байқауына қатысып, қоғам мен мемлекет өміріндегі білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға ықпал жасап, мәңгілік елдің жарқын болашағы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамуына мүмкіндік туғызып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбегі үшін дипломмен марапатталып, «Ең үздік биология пәні мұғалімі» номинациясын иеленді, 11 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша республикалық  «Жас биолог» атты олимпиадаға оқушыны жоғары деңгейде дайындап, жүлдегер атанғаны үшін Республикалық I Дәрежелі Диплом, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы дала баласы» Республикалық білім сайысына қосқан белсенді әрі нәтижелі үлесі үшін  Құрмет Грамотасымен марапатталды, Халықаралық олимпиадаға оқушыларды тиянақты дайындағаны үшін алғыс хатпен, Анталиияда өткен Халықаралық олимпиадаға оқушыны тиянақты дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Үздік педагог – 2022» Республикалық байқауының  облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Мұғалімнің іс-тәжірибесі таратылды: PISA халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша мұғалімдер және оқушылармен шеберлік сынып өткізді, Республика көлемінде: «ҰБТ дайындаудың тиімді әдіс тәсілдері» атты іс-тәжірибесін таратты, «Үздік педагог-2022» Республикалық байқауы жеңімпаздарының қатысуымен «Шеберлікке апарар жол» атты облыстық семинар-практикумында іс-тәжірибесімен бөлісті, 9 сынып бойынша қорытынды аттестаттауға арналған тапсырмаларды құрастырушы қызметін атқаруда,  Облыстық әділ- қазылар алқасының мүшесі, қалалық олимпиадада әділ- қазылар алқасының мүшесі, биология кафедрасының филиал жетекшісі лауазымын атқаруда, жаратылыстану- тарих әдістемелік кеңесінің жетекшісі, А1, A2, B1, B2, C1 – CEFR LEVEI ағылшын курсын оқып, сертификатқа ие;

Қажымайтын қайсарлығы мен батыл мінезінің арқасында Боранбаева Жанар Камановна үнемі толассыз білім мен үлкен ізденістің үстінде жүреді. Тарыдай баланың сауатын ашып, таудай балаға білім-ғылым үйретуде. Білім берудің небір қырлары мен сырларын игере отырып, оны өз тәжірибелерінде орынды, тиянақты, дұрыс әрі дәл пайдаланып, қолданып, еңбек жолында өте көп жетістіктерге жетуде.

Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық  олимпиадаларда және ғылыми жобаларда жеңімпаз жүлдегелердің шығуы педагогикалық зерттеу, оқыту үдерісіндегі үздіксіз жұмыстың  нәтижесі болса керек. Бұдан басқа үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы, республикалық, облыстық, қалалық әр түрлі экологиялық шараларда оқушылардың үнемі үздік шығуы да педагогикалық ізденістердің жемісі.

Жанар Камановнаның ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері ең бірінші сатыға қойылған. Бұл атадан қалған негізгі қасиеттері.