
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатына арналған жаңа ғимаратты дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыстың жүргізілу барысы ШҚО білім басқармасының басшысы И.А.Чернышёваның қатаң бақылауында. Құрылыс компаниясының бас архитекторы С.П.Сосинамен, лицей директоры Л.О.Кемешевамен кездесу өткізіліп, қосымша нұсқаулықтар берілді.