Ақ жол, жас түлек!

Ақ жол, жас түлек!

Бүгін облыстың 228 мектебінің 3847 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды. Осы күн түлектердің, ата-аналардың, педагогтердің естерінде ұмытылмас ерекше күн болып қалатыны анық. "Мектебім,  саған мың алғыс" тақырыбындағы салтанатты іс-шара аймақтың барлық мектептерінде өткізілді.

Әрбір түлек өмірінің жаңа маңызды кезеңіне қадам басқалы тұр. Барлық түлектерді, педагогтерді және ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз. Емтихандарды сәтті тапсырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспіз. Ақ жол, жас түлек!