
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі пән қауымдастығының жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т1, Т2) мұғалімдерінің қатысуымен 2024 жылдың 24 мамыр күні облыстық отырыс өткізді.
Отырыстың мақсаты – 5-8, 10 сынып білім алушыларының оқу жылы аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін емтихан жұмыстарының талапқа сай әзірленуі мен рәсімделуін айқындау, әдістемелік көмек көрсету.
Семинар барысында:
- Омарова Ботакоз Тулюбаевна, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы №3 жалпы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «5-8, 10 сыныптарда аралық аттестаттау емтиханына грамматикалық тапсырмаларды әзірлеу жолдары»;
- Каниева Гульжан Муратбековна, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аралық аттестаттау материалдарын құрастыру тәсілдері»;
- Таширбаева Динара Бидамбековна, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Аралық аттестаттауда қазақ тілі пәнінен ерекше білімді қажет ететін балалармен дайындық жұмыстары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу аясында мұғалімдер аттестаттау материалдарын білім бағдарламасының МЖМБС-на (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сай құрастыру жолдары, емтихан тапсырмаларын әдістемелік ұсынымның негізінде әзірлеу, тапсырмалардың әр сыныптың жас ерекшелігіне, оқушының алымына сай болуы, бағалау критерийлері, бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы туралы үлгілерін ұсынды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлім жетекшісінің орынбасары М.Асанова емтиханның қорытындыларына талдау жасауда қатысушылар туралы мәлімет, білім сапасының пайыздық көрсеткіші, білім сапасы көрсеткішіне комментарий жазу жайлы ақпараттарды жинақтау қажеттігін ескертті.