Білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы

Білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында 2024 жылдың 23 мамырында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар және педагогтармен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Г.А. Бекбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерді және білім беру мекемелерінде әр түрлі іс-шараларға заңсыз ақша жинау, сыйлық алу немесе беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкелетіндігін жеткізді.